ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕҢ ҮЗДІК КАФЕДРА
НҰР-МҮБАРАК УНИВЕРСИТЕТІНДЕ

«Qazaqstan Education» оқу орындары басшыларының қауымдастығы» ұйымдастыруымен өткен «ҚР-ның ҮЗДІК КАФЕДРАСЫ – 2021» байқауында Дінтану кафедрасы – І дәрежелі дипломмен марапатталды.

Соңғы деректер бойынша қазір елімізде филиалдарын қоса есептегенде 128 жоғары оқу орны бар. Оның 33 университеті – мемлекеттік, бірақ барлығына талап ортақ екені белгілі. Оқу орындарының сапасын арттыру мақсатында арнайы аккредитация, аттестация, түрлі байқаулар өткізіліп тұрады. Сондай сынақтардан үнемі мүдірмей өтіп жүрген Нұр-Мүбарак университеті тағы да аты оза шапты.

«Qazaqstan Education» оқу орындары басшыларының қауымдастығы» ұйымдастыруымен өткен «ҚР-ның ҮЗДІК КАФЕДРАСЫ – 2021» байқауында  Дінтану кафедрасы – І дәрежелі дипломмен марапатталды.

 «Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар» бағыты бойынша жоғары дәрежелі арнайы диплом атқарушы директор Е.Серекбаевтың қолымен табысталды.

Дінтану кафедрасының жетістігі үшін университет басшыларына, кафедра меңгерушісіне «Qazaqstan Education» оқу орындары басшыларының қауымдастығы» атынан алғыс білдірген «Егемен еліміздің өркендеуі жолындағы жоғарғы білім беру саласында атқарып келе жатқан еңбегіңіз жемісті әрі нәтижелі болсын деп тілейміз»,-делінген Алғыс хат  мәтінінде.

Сондай-ақ биыл «ҚР сұранысқа ие жоғары оқу орындарының ұлттық рейтингісі – 2021»  Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі жүргізген жобада Нұр-Мүбарак университеті Ұлттық рейтингте 6 білім беру бағдарламасымен қатысып, алтауы да жүлделі орынға ие болған еді.

1-орын: В033 – Дінтану,Теология және Исламтану, Дінтану;

2-орын  М051 – Дінтану,Теология және Исламтану, Дінтану;

2-орын D051 – Дінтану,Теология және Исламтану, Дінтану.

Бұл жетістіктер Нұр-Мүбарак университеті ұжымы үшін сенімділікті арттырып, болашаққа деген жауапкершілікті жүктейтіні белгілі.

Нұр-Мүбарак университетінің баспасөз қызметі

90