Сондықтан бұл күнді еліміз Отан қорғаушы күні деп атап өтуде. Осы мерекеге орай Нұр-Мүбарак университеті футболдан «Нұр-Мүбарак кубогын» ұйымдастырды. Теңбіл доп додасында әр саладан 6 команда бақ сынады.
Турнир алдында университет ректоры, профессор Мухаммад аш-Шаххат мерекемен құттықтай келе, жарыстың сәтті өтуіне тілек білдірді. Тартысты әрі қызықты өткен шағын футбол турнирінің барлық қатысушыларына Алғыс хат табыс етілді. Ал жекелеген номинацияда: «Үздік қақпашы» – Асхат Кыдыков («Alihan company»), «Үздік шабуылшы» – Данияр Мейірбеков (Ректорат), «Үздік қорғаушы» – Дәулет Бекшалов («SMAN») марапатталды.
Ал жеңімпаз командалар:
1-орын «НМУ кубогі» «Акимат» командасына бұйырды – 300 000 теңге;
2-орын «Алатау» – 200 000 теңге ;
3-орын «Ректорат» – 100 000 теңге .
Жеңімпаз команда капитаны Ернұр Абжахан турнирді жоғары деңгейде ұйымдастырған НМУ басшылығына алғысын жаудырды: «Қазақстан деген Отанымыздың қорғаушылары екенімізді ұмытпайық. Бүгінгі ойында әрбір ойыншы қазақи намысқойлығын көрсетіп, тартысты ойын көрсетті. Өз жүлдемізді ел игілігі үшін қызмет етіп жатқан университеттің жаңа ғимарат құрылысына үлесіміз ретінде қосуға рұқсат етіңіздер»,-деп көрерменді мәрттіктерімен тәнтті етті. Көпшілікке қуаныш сыйлаған турнир соңында проректор Қайрат Құрманбаев: «Қонаққа келіп, турнирге ат салысқан әрбіріңізге университет басшылығы, ұжымы атынан үлкен алғыс. Бүгінгі күн де керемет болып, ерекше көңіл-күй сыйлап тұр. Ел қауіпсіздігі әрбір ер азамат қолында, сондықтан Отанымызды қорғай берейік!»-деді.
Жарыс соңында барлығы естелік суретке түсіп, өзара ризалықтарын жаудырып, мұндай сайыстың жиі өтуіне тілек білдірді.
Нұр-Мүбарак университетінің баспасөз қызметі