ЖАҢА БАСТАМАЛАР, ТЫҢ ЖОБАЛАР
ЖАЙЛЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Биылғы жылдың жетістігі баршылық болса да, әттеген-айлар да жоқ емес. Сондықтан Нұр-Мүбарак университетінің проректоры, доцент Қайрат Құрманбаев оқу орнының департамент, факультет, кафедра, бөлім басшыларымен өткен жылға нақты шолу жасалып, болашаққа тың қадамдар қажеттігін нақтылады.

Біз еліміздегі бірігей діни университет боғлан соң, бізге халықтың да, мемлекеттің де сенімі жоғары. Біз сол сенімді ақтау үшін білімді де білікті мамандар даярлауға мүдделіміз. Ол үшін студенттердің білім сапасын арттырып қана қоймай, олардың жан-жақты қабілеттерін дамыту жағын жетілдіру аса маңызды

Осы тұрғыда Академиялық мәселелер департаментінің директоры, филос.ғ.к., доцент Жалғас Сандыбаев оқу үдерісіндегі тың жобалармен қатар, орта мектептерден білімді түлектерді тарту үшін түсіндіру жұмыстары, Республикалық деңгейде олимпиадалар ұйымдастыру жобасы жасалып жатқанынан хабардар етті. Сондай-ақ ғылым, тәрбие істері, әлеуметтік даму, халықаралық қатынастар, стратегиялық даму, шаруашылық, ақпараттық технологиялық мүмкіндіктерді дамыту мәселелері талқыланды. Жаңа ғимарат құрылысына қатысты «Білім-Қазына» қоғамдық қоры есеп беріп қана қоймай, смартфондарға арналған жаңа қосымшаның танытымын жасады.

Университеттегі студенттерге қызмет көрсету сапасын автоматтандыру, асхана, жатақхана жұмыстарын жетілдіріп, студенттер арасында жиі сауалнама арқылы оқу сапасын жан-жақты дамыту жағы талқыланды. Алдағы жылы халықаралық әріптестік байланыстардың жемісті болуы, университет ғалымдарының жарыққа шығып жатқан еңбектері, оқулықтарын арттыру жайлы ұсыныстар жасалды.

1  039