СТУДЕНТТЕРГЕ ҚУАНЫШ СЫЙЛАҒАН
ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖӘРМЕҢКЕСІ

Оқу жылының басы білім орындарында абыр-сабыр. Пандемиялық жағдайларға байланысты сауда орындарындағы жұмыс кестелері де шектеулі. Ал оқуға қажетті кітап, қалам- дәптер, тағы да басқа заттар алуға барлығының мүмкіндігі де бола бермейтіні анық. Сондықтан Нұр-Мүбарак университетінің Тәрбие істері және әлеуметтік даму департаменті арнайы қайырымдылық жәрмеңкесін ұйымдастырды. Жәрмеңке барысында ұсынылған заттар әдеттегі сауда орындарынан әлдеқайда төмен бағаға сатылды.

Тәрбие істері және әлеуметтік даму департаментінің директоры Мақсат Байзақтың айтуынша, саудадан түскен қаржы Нұр-Мүбарак университетінің жаңа ғимаратына үлес ретінде «Білім- Қазына қорына аударылды. Сондықтан бұл шара студенттер үшін де, университет үшін де жан-жақты тиімді болғаны анық.

 

804