НМУ ОҚЫТУШЫСЫ, PHD ДОКТОР ЖҰЛДЫЗ ЖҰМАШОВА
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ЖОО ҮЗДІК ОҚЫТУШЫСЫ» АТАНДЫ

«ЖОО үздік оқытушысы» республикалық байқауы жыл сайын еліміздің жоғары оқу орындары арасында ұйымдастырылады.

... «ЖОО үздік оқытушысы» республикалық байқауы жыл сайын еліміздің жоғары оқу орындары арасында ұйымдастырылады. Университет оқытушыларының беделін арттыру әрі ЖОО педагогтарын кәсіби дамуға ынталандыру мақсатында өткізілетін білім бәйгесінің талаптары да қатаң. Осы орайда Араб және ағылшын тілдері кафедрасының меңгерушісі PhD доктор Жұлдыз Жұмашова «Үздік оқытушы-2021» атанды. Республикалық конкурстық комиссия мүшелері жүздің арасынан оза шапқан үздіктердің ішінен үздіктерді таңдады. Комиссия құрамына үкіметтік емес ұйымдар, қазақстандық ЖОО қауымдастықтарының өкілдері, білім беру саласындағы сарапшылар, БАҚ, студенттік және жастар ұйымдарының өкілдері кірген. Байқауға 45 университеттен 750 үміткер қатысып, оның 150-і жеңімпаз атанды.

Жұлдыз Аманбайқызын (PhD, доцент м.а.) лайықты марапатымен құттықтап, толағай табысқа толы жемісті ғұмыр тілейміз!

692