Халық арнасының басшысы Нұржан Дарқұлов Нұр-Мүбарак университетіне ат басын тіреді

Жақында ғана тұсауы кесілген Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Халық арна» телеарнасының Бас директоры Нұржан Дарқұлов Нұр-Мүбарак университетіне арнайы ат басын тіреді. Университет проректоры, доцент Қайрат Құрманбаев құрметті қонақтармен сұхбаттасып, болашақ жобалар жөнінде талқылап өтті.

Бұл кездесудегі негізгі мақсат Халық арнасының директоры Нұржан Дарқұлов пен  продюссері Ербол Байқоңыров университет жастарымен жүздесіп, өзара ашық әңгіме өрбіту өте оңтайлы өтті.

Қазақ ұлылары «Мен жастарға сенемін» деп өткен ғасырда болашаққа сенім артып, бізге үлкен аманат қалдырғаны белгілі. Осы орайда Нұр-Мүбарак университеті студенттерінің белсенділігі мен креативті ойларын байқап, қуанып отырмыз. Бұл дініміз, қоғам, мемлекет үшін жақсы жобалар жасауға бастама деген үміттеміз. Елдегі діни кадрлар даярлайтын жалғыз ислами университеттің әлеуеті мен ықпалы күннен күнге артып келеді. Прогрессивті дамуына қарап, қуанып жатырмыз,-деп Нұржан Дарқұлов жастарға ағынан жарылды.

Жол көрсетер ағалық қамқорлықты аңғарған жастар да көкейлерінде жүрген  жобаларын ортаға салып, ойларын ақтарып, ашық жеткізіп жатты.

1  406