АРДАГЕРЛЕР МЕН ҮЗДІКТЕР ЕҢБЕГІ БАҒАЛАНУДА!

Нұр-Мүбарак университетіне 20 жыл. Осыған орай университет басшылығы ардагерлер мен үздіктерге ерекше құрметін жалғастыруда.

Биыл өткенді саралап, болашаққа бағдар жасайтын ерекше жыл екені белгілі. Себебі Тәуелсіздігіміз орда бұзар 30 жаста. Ал оның ізін алып жүрген елдегі ислам ғылымының туын тіктеп, ізінен еріп келе жатқан Нұр-Мүбарак университетіне 20 жыл. Осыған орай университет басшылығы ардагерлер мен үздіктерге ерекше құрметін жалғастыруда. Соның бір көрінісі әрбір мұсылманға арман болған қасиетті Мекке, Мәдинаға кіші қажылыққа жолдама табыс етілді. Бес категория бойынша анықталғандар арасында студенттер де қамтылғанын айта кетейік. Бұл өзге студенттер үшін де құлақтарына  алтын сырға деуге болады.     

  1. АРДАГЕР ҰСТАЗ  – Керім Шамшәдин;
  2. ҮЗДІК ҚЫЗМЕТКЕР – Тлебалдина Сауле;
  3. ҮЗДІК ҰСТАЗ – Қапасова Дариға;
  4. ҮЗДІК  УНИВЕРСИТЕТ ЖАНАШЫРЫ – Сейдманов Оралхан «Білім – Қазына» қорының басшысы;
  5. ҮЗДІК СТУДЕНТ  – Елеусизбаева Назерке.

Сондай-ақ сауықтыру мақсатында елімізге белгілі Жаңақорған шипажайына жолдама:

1) Мұхаммад Әш-Шаххат ректор, профессор;

2) Сандыбаев Жалгас Академиялық мәселелер департамент директоры;

3) Махмет Мұратхан ОӘБ басшысы;

4) Бердібеков Серік  АТО басқарушысы;

5) Жұбанышов Талғат комендант;

6) Паттеев Мухитдин PhD докторы, доцент;

7) Әділбаев Алау PhD докторы, қ.проф;

8) Адилбаева Шамшат PhD докторы, қ.проф;

9) Ержан Қалмақан PhD докторы, қ.проф.

Қызметкерлер  күтпеген тосын сый болған умра қажылығына жолдамалар мен шипажайға сауықтыру мүмкіндіктерін жасап жатқан университет басшылығына ризашылықтарын білдіріп, жұмысқа да жаңа серпіліс алғандарын аңғартты.

43