НҰР-МҮБАРАК УНИВЕРСИТЕТІ -
ҰЛТТЫҚ РЕЙТИНГ ЖЕҢІМПАЗЫ

Бұл жайлы  «2021 жылғы ЖОО-ның білім беру бағдарламаларын бағалау қорытындылары»  жөніндегі  брифингте жарияланды.

Түлектерді жұмысқа орналастыру талаптары бойынша Нұр-Мүбарак университеті Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары арасынан ең үздік деп танылды. 100 % көрсеткішке ие болған Нұр-Мүбарак университетімен қатар Қазақс Ұлттық Өнер академиясы ғана. Бұл жайлы «2021 жылғы ЖОО-ның білім беру бағдарламаларын бағалау қорытындылары» жөніндегі брифингте жарияланды. Ұлттық рейтінг ҚР Білім және ғылым министрлігінің тапсырысы бойынша Атамекен кәсіпкерлер палатасы жүргізген.

Спикерлер ҚР Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Гүлзат Көбенова және «Атамекен» ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасының орынбасары – Басқарма мүшесі Олжас Ордабаевтардың айтуынша Рейтинг түлектердің жетістіктері, жұмысқа орналасуы, орташа еңбекақы көлемі секілді талаптар бойынша анықталған.

Ал жалпы жұмыспен қамту мәселесі бүкіл еліміздегі ЖОО бойынша  2019 жылға қарағанда небәрі 3 % -ға өскен.    

Бұл Ұлттық рейтинг Нұр-Мүбарак университетіне  мақтанышпен  қатар жауапкершілікті де жүктей түсті!

Нұр-Мүбарак университетінің баспасөз қызметі

704