Нұр-Мүбарак университетінің Мысырдағы ардагер ұстаздары марапатталды

Биыл Нұр-Мүбарак университетінің 20 жылдығы болғандықтан, бұл тарихи мерейтой  Қазақ елі мен Мысыр елі арасын жақындата түсуде. Проректор, доцент Қайрат Құрманбаев Мысырға ресми сапарында Қазақстан Республикасының Египет Араб Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшілігінде 20 жыл арасында қазақ еліне келіп дәріс берген оқытушы-профессорлар қауымына арнайы алғыс білдірді.

Ислам және әлем өркениетіне еңбегі сіңген Екінші ұстаз Әбу Насыр Әл-Фараби өмірі мен шығармашылығы жайлы конференцияда Қазақстанның ЕАР-дағы  төтенше және өкілетті  Елшісі  Қайрат Лама Шариф Әл-Фараби өз мұрасымен бүкіл әлемге әсер еткенін атап өтті. Сондай-ақ  екі ел арасындаға мәдени, діни, оқу-білім саламындағы байланыстарды нығайтуға ат салысқан азаматтарды марапаттады.

«20 жылда Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті жаңа белестерді бағындырды. Осынша аманат сәлем мен қазақ даласының ыстық ықыласын арқалап, осы жиынға келген әрбіріңізге  университеттің және ҚМДБ атынан үлкен алғыс айтқым келеді. Соның белгісі ретінде Сіздерге арнайы алғыс хатымыз бен 20 жылдық мерейтойлық төсбелгімен марапаттауға рұқсат етіңіздер»,-деген проректор, доцент Қайрат Құрманбаев университет шәкірттері арқылы қазақ даласында із қалдырған профессор Жуда Абдулғани Басюни бастаған барлық оқытушы-профессорларға құрмет көрсетті.

Мысырлық ғалымдар да ризалықтарын жаудырып, естелік суретке түсті.

Нұр-Мүбарак университетінің баспасөз қызметі   

2  002