News

Нұр-Мүбарак университетінің ректоры, профессор Мұхаммад аш-Шаххат Вайнах мешітінде Мәуліттің маңыздылығын түсіндірді

15/11/2019

 

  • Мәуліт мерекесін атап өту үммет бірлігі, қоғам сауаттылығын арттыруда

маңызы зор,-деді Нұр-Мүбарак университетінің ректоры, профессор Мұхаммад әш-Шаххат Алматыдағы Вайнах мешітіндегі жұмаға жиылған жамағатқа. Әсіресе, қазіргі жаһандану дәуірінде рухани майдандағы ақпараттар соғысы кезеңінде әрбір мұсылманның сүйікті Пайғамбарымыздың (с.а.у.) әлеміне ден қойып,  өмірінен өнеге, көркем мінезінен көңіліне тоқып жатса, бұл адамның өзі үшін ғана емес, қоғам үшін орасан мүмкіндік айы екенін жан-жақты түсіндіріп өтті.

 

Жұмаға жиылған жамағат ислам ғалымына көкейлеріндегі сауалдарын қойып, тұшымды жауап алды. Сондай-ақ Пайғамбарымызға (с.а.у.) мәуліт оқылып, Бас имам шейх Мухаммад Хусейн Алсабеков Пайғамбарымыз (с.а.у.) тарихына шолу жасады. Шейх Мұхаммад аш-Шаххат әл-Жинди  жамағатпен бірге мәуліт дастарханынан дәм татып, батасын берді.

 

 

 

 

 

Related news