Бүгін Отан қорғаушылар күніне орай барлық ер азаматтарды мерекесімен құттықтаймыз. Қазақ халқы – ежелден жауынгер халық. Ерліктері жыр-дастанға арқау болған ата-бабаларымыз қаншама. Ал өткен ғасырда даңқы мұхит асқан қайсар қолбасшы, әскериқайраткер, жазушы  Бауыржан Момышұлының ерлік пен елдікке жұмылдыратын даналық өсиеттері баршылық. Бүгінгі мерекеде ер жігіттің намысын қайрайтын  батыр атамыздың мірдің оғындай нысананы дәл көздейтін мерген де асыл сөздерінен насихат ала отырайық!   

 Отан үшін отқа түс, күймейсің.

* Ерлік – елдің қасиеті, жүректілік – жігіттің қасиеті.

* Намысты нанға сатпа.

* Қарабет болып қашқанша – қайрат көрсетіп өлген артық.

* Өз ұлтын сыйламау, оны мақтаныш етпеу – сатқындық.

* Өтіріктің балын жалап тірі жүргенше – шындықтың уын ішін өлген артық.

* Ешкім іштен батыр болып тумайды: батырлық та, мінез секілді өскен орта, көрген тәрбиеге байланысты қалыптасады.

* Батырлық тәуекел мен ақылдың есебінен шығуға тиіс. Тәуекел кейде ақылды да ақтап алады. Ал ақылсыз тәуекелді ештеңе де ақтап ала алмайды.

* Қайрат етер кезінде – жүк көтерер нардай бол,

Ақыл айтар кезіңде – жүз жасаған шалдай бол. 

* Ерлік – тайсалмас табандылық пен қайыспас қайсарлықтан шығады.

* Өршіл рухтан – өлмес ерлік туады.

* Жерге – тер төгіп, халыққа – қан төгіп қызмет етуден тайсалма!

* Қолбасшы болсаң сондай бол – жосылып жатқан жолдай бол.

* Халықтық тәжірибе – бүгінге ғана емес, ертеңге де керек қазына.

577