СҮЙІНШІ! ЖАҢА ҮШ КІТАПҚА АЛДЫН-АЛА ТАПСЫРЫС АЛУ БАСТАЛДЫ!

Нұр-Мүбарак университеті жанындағы Әбу Ханифа ғылыми-зерттеу орталығында қазіргі заман тудырған сауалдарға жауап беретін жаңа 3 кітап жарыққа шықпақ. Атап айтқанда: «Жиһад», «Трансплантация», «Уақыттың қадірі».

Жиһад

«Жиһад» - екі тілде (қазақша, орысша) (276-бет). Қоғамда пікірталас тудырған діни сауалдардың бірі – жиһад мәселесі талқыланады. Жиһад түсінігі мен түрлері, оны міндеттейтін негізгі себептер, құқықтық негіздері жан-жақты зерттеледі. Сондай-ақ жиһадқа қатысты кез келген діни мәтіндерді дұрыс түсіну жолдары баяндалады. Исламтанушы, дінтанушы, дерадикализация бағытындағы мамандарға арналған.

Трансплантация

«Трансплантация» (120 бет). Бүгінгі таңдағы медицина саласындағы ем-шараның бірі есептелетін транспалантация, оның түрлері мен шариғи үкімдері баяндалған. Трансплантацияға жан-жақты анықтама беріле келе, тірі адамдар арасында ағза ауыстыру, өлі адамның ағзасын тірі адамға ауыстыру, дін және медицинада өлім түсінігі, жануар ағзаларын адамға ауыстырудың үкімдері беріледі. Алғашқы және кейінгі буын ислам ғұламаларының бұл мәселеге қатысты көзқарастары, ислам дінінің негізгі ұстанымдары мен принциптері, бекіткен шарттары айтылады. Адам өмірі мен денсаулығының қадір-қасиеті, ағзасын беруші (донор) және ағзаны алушы (реципиент) адамға қатысты дін үкімдері баяндалады. Сондай-ақ, жануарлардың ағзасын тірі адамға трансплантациялау мәселесі де шариғи тұрғыдан талқыланып өтеді.

Уақыттың қадірі

«Уақыттың қадірі» (128 бет). Кітапта ислам ғұламаларының уақытты қаншалықты бағалағандығы, әрбір мезет-сәттерін мәнді өткізген өмірбаяндық деректері арқылы баяндалады. Қысқа ғана ғұмырында баға жетпес том-том құнды туындыларды жазып мирасқа қалдырған ғалымдардың бұл табысты нәтижеге қалай қол жеткізгендігі жайлы сұрақтарға жауап алады. Кітап ғылым-білім жолында жүрген ізденімпаз, шығармашыл жастарға, өмірі мен ондағы уақытын жүйеге келтіріп, өзін жан-жақты дамытуды қалаған барша көзіқарақты қауымға арналады.

Қымбатты Оқырмандар! Осы кітаптарға алдын ала тьапсырыс қабылдау 1 мамырға дейін (2022 ж.).

Тел: +7 747 527 10 99

1  388