Ұстаздар күні құтты болсын!

Ұстаздар!
Қандай ғажап халықсыздар!

Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар.
Жан біткен жанарына нұр сыйлаған,
Күндей боп күлімдеген жарықсы.

Әрбір адамның өмірінде ғана емес, қоғам мен адамзаттың тағдырында орны өлшеусіз жан ол – Ұстаз! Сондықтан қазан айында әлемнің 100-ден астам елінде 1994 жылдан бері Дүниежүзілік ұстаздар күні аталып өтеді.

Қандайда бір қоғамға ұстаздарға деген құрметінен баға беріп жатады. Ал біздің елімізде сондай өнегені көргіңіз келсе, Алатаудың бөктеріндеге әсем Алматының төрінде орналасқан Нұр-Мүбарак университетіне келсеңіз, ұстазға деген құрметті әрбір шәкірттің көзінен, сөзінен, ісінен көруге болады.Түлеп ұшқан түлектердің естелігінен естуге болады. Бұл «Ұстаз» деген ұғымды әрбір шәкірттің бойына шынайы сезіндірген Нұр-Мүбарак университетінің ұжымдық  үлгісі, еңбегі іспетті.

«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» – деген ұлы Абай атамыздың сөзіне сай Сіздердің жас ұрпаққа білім ғана емес, санасына сыналай енгізетін тәлім – тәрбие, үлгі – өнегелеріңіз өлшеусіз.

133