0S2A7955

АЛТЫНБЕК ҰТЫСХАН
АТЫРАУЛЫҚ СТУДЕНТТЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

 Нұр-Мүбарак университетінде  Атырау облысынан 35 шақты студен білім алуда. Осыған орай, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының  Атырау облысындағы өкіл имамы  Алтынбек Ұтысхан аймақтық студенттермен кездесті.

ҚАЙРАТ ҚҰРМАНБАЕВ
Нұр-Мүбарак университетінің проректоры

"

Жиында Нұр-Мүбарак университетінің проректоры, доцент Қайрат Құрманбаев:

 «Он ғасырлық ислам мен көшпенді философиясының синтезінен сүзілген қазақ сана-сезімі өз ата дінінен атқұйрығын кесе қоймады, сақтап қала алды. Екі жарым ғасырлық сана соққысынан есеңгіресе де есін елінен жазбады. Бүгінде ата дінімізге қайта қауыштық. «Халықтың дініне тиіспе, өзін жеңгенмен де, сенімін жеңе алмайсың», – деген даналық сөзін олар түінбесе керек,-деп халықтың діни сенімінің маңыздылығына тоқталып өтті.

Сондай-ақ Философия, саясаттану және дінтану институтының директоры Серік Сейдуманов, философия ғылымдарының докторы Амангелді Айталы, ҰҒА академиктері, тарих ғылымдарының докторлары Мәмбет Қойгелдиев, Талас Омарбеков, Дархан Қыдырәлі, Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның Дәстүрлі дін өкілдерін зерттеу жұмыс тобының мүшелері Бақытжан Сатершинов, Рахым Бекназаров, Досай Кенжетай, Юлия Шаповал, сондай-ақ ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің мүшелері Шамшәдин Керім, Мұхан Исахан, Төреәлі Қыдыр т.б тарихшы ғалымдар баяндама жасады.

Баяндамашылар саяси қуғын-сүргін тарихындағы дін өкілдері мен кеңестік биліктің дінге қарсы репрессиялық шаралары жайлы баяндайды. Жиын соңында конференция жұмысы қорытындыланып, арнайы қарар қабылданды.

804