АЛТЫНБЕК ҰТЫСХАН АТЫРАУЛЫҚ СТУДЕНТТЕРМЕН КЕЗДЕСТІХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАСҚОСУ ӨТТІ

Нұр-Мүбарак университетінде  Атырау облысынан 35 шақты студен білім алуда. Осыған орай, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының  Атырау облысындағы өкіл имамы  Алтынбек Ұтысхан аймақтық студенттермен кездесті.

"

Ең әуелі өздеріңізге Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов ағамыздың сәлемін жеткізгім келеді. Аймақтан осы университетте білім алып жатқан баршаларыңызға әрдайым тілекші, соның нақты көрінісі, ақылы бөлімде білім алушы студенттердің оқу ақысын төленетінін сүйіншілегім келеді,-деді атыраулық Бас имам кездесу барысында.

Яғни мемлекеттік білім гранты иегерлерінен өзге 20 шақты студен облыс әкімі атындағы білім грантына ие болды. Сондай-ақ Атырау қаласы әкімі Қайрат Оразбаевтың әрбір студентке шәкіртақы тағайындағанын жеткізегн Алтынбек Ұтысхан студенттердің хал-ахуалы, тыныс-тіршілігімен жақынырақ танысып, сұхбаттасты. Кездесу соңында облыс әкімінің орынбасары Бақыткүл Хаменованың  Алғыс хатын табыстап, естелік суретке түсті.

Нұр-Мүбарак университетінің баспасөз қызметі

70