News

Желаяқтар жарысында Нұр-Мүбарак университетінің студенттері жеңімпаз атанды

10/10/2019

 

Алматы қаласындағы жоғары оқу орындары мен колледж студенттері арасында қазан айының алғашқы онкүндігінде жеңіл атлетикадан жарыс өтті.  «Алматы спорты» әлеуметтік жобасының аясында өткен жеңіл атлетика жарысында Оңтүстік Астанадағы барлық желаяқ студенттер бақ сынады. Нәтижесінде, Нұр-Мүбарак университетінің үш бірдей студенті өзгелерді шаң қаптырып кетті, яғни 1-курс студенттері Бота Касенова, Аяжан Сайлаубай, Дария Сайлаубай үшеуі бірдей жеңіс мәсересіне бірдей кесіп, жеңіс тұғырына көтерілді.

Жеңімпаздарды  Алматы қаласы спорт басқармасының басшысы Р.Байсеитов  дипломмен марапаттады. Желаяқ студенттердің жетекші ұстаздары Жалпыуниверситетік гуманитарлық пәндер кафедрасының аға оқытушысы Айдар Иманбаев, Лаура Сабырбековалар оқу жылының басын осындай жеңіспен  сүйіншілеп, университеттің  мерейін үстам ете түсті.

 

 

Related news