Көзіңді аш, оян қазақ, көтер басты,
Өткізбей қараңғыда бекер жасты.
Жер кетті, дін нашарлап, хал арам боп,
Қарағым, енді жату жарамас-ты.
Найзаменен түртсе де,
Жатырмын,қазақ,оянбай.
Мұнша қалың ұйқыны
Бердің бізге,ой,Алла-ай!
This text briefly introduces visitors to your main services.
A short description of the service and how the visitor will benefit from it.
A short description of the service and how the visitor will benefit from it.
A short description of the service and how the visitor will benefit from it.
A short description of the service and how the visitor will benefit from it.
Осыдан бір ғасырдан астам уақыт бұрын қазақ халқының санасын сілкіп, рухын ояту үшін жанұшыра өмірін арнаған Алаштың ардақты ұлы Міржақып Дулатовтың осы өлеңі әлі күнге өзекті. Міржақып Дұлатұлы (1885—1935) – жарты ғасырлық ғұмырында халық үшін жарғақ құлағы жастыққа тимей өткен қазақтың аса көрнекті ағартушысы, қоғам қайреткері, ақын, жазушы, жалынды көсемсөз шебері.
Міне, осындай Алаш перзентін «қайта тірілтіп», халқымен қауыштырған «Міржақып. Оян, Қазақ!» сериалы көпшіліктің көңілін босатып, рухын жаңғыртты. Ал осындай құнды дүниені өмірге әкелген қазақтың дарынды перзенттері режиссер Мұрат Есжан бастаған шығармашылық топпен кездесу мүмкіндігі келіп тұр, басты рөлді сомдаған актер Бақыт Қажыбаев, алаштанушы Елдос Тоқтарбайдың тағылымды сұхбатын тыңдауға асығыңыздар!
Қасиетті Рамазанның берекелі кешіндегі кездесу жай басқосу емес! Тарихты құрметтеп, өзіңнің кім екеніңді бағамдауға, рухыңызды жаңғыртып, болашақа нық қадам жасауға септігін тіигізері анық!
Оян, қазақ! Ойлан, қазақ! Бол, қазақ!
Шын бақытқа жеткізетін жол да ұзақ.
Алашағың аз ба мына дүниеден,
Болашағың емес пе еді зор, ғажап?!
Өтетін уақыты: 4 сәуір, сағ.17:40
Өтетін орны: Әл-Фараби залы!
A short description of the benefit.
A short description of the benefit.
A short description of the benefit.
A short description of the benefit.
© Copyright 2024 All Rights Reserved