БАКАЛАВРИАТҚА ҚАБЫЛДАУ

Бакалавриат білім беру бағдарламасы бойынша оқуға түсу ережелері мен оқуға түсетін талапкерерге арналған емтихан сұрақтары

МАГИСТРАТУРАҒА ҚАБЫЛДАУ

Магистратура білім беру бағдарламасы бойынша оқуға түсу ережелері оқуға түсетін талапкерерге арналған емтихан сұрақтары

ДОКТОРАНТУРАҒА ҚАБЫЛДАУ

Докторантура білім беру бағдарламасы бойынша оқуға түсу ережелері оқуға түсетін талапкерерге арналған емтихан сұрақтары

БАКАЛАВРИАТҚА ҚАБЫЛДАУ

Магистратура білім беру бағдарламасы бойынша оқуға түсу ережелері мен оқуға түсетін талапкерерге арналған емтихан сұрақтары

МАГИСТРАТУРАҒА ҚАБЫЛДАУ

Магистратура білім беру бағдарламасы бойынша оқуға түсу ережелері мен оқуға түсетін талапкерерге арналған емтихан сұрақтары

ДОКТОРАНТУРАҒА ҚАБЫЛДАУ

Доктарантура білім беру бағдарламасы бойынша оқуға түсу ережелері мен оқуға түсетін талапкерерге арналған емтихан сұрақтары

FAQ - Жиі қойылатын сұрақтар

Нұр-Мүбарак ЕИМ университеті – Қазақстан мен Египет Араб респуликасы арасындағы ортақ келісіммен іргетасы 1993 жылы қаланған жоғары білім ордасы. Университеттің ең жоғарғы басқару органы: екі елдің лауазымды тұлғаларынан құрылған Қамқорлар кеңесі. Университеттің білім беру бағдарламалары ҚР Білім және Ғылым министрлігінің талаптарына сәйкес жасалынады. Университет Қазақстандағы ТОП-20 ЖОО қатарына кіреді.

Университет қаламздың экологиялық таза аймағында Алатау бөктерінде орналасқан. Университетте: 2 оқу корпусы, жатақхана, спорттық кешен (футбол, волейбол, баскетбол, мұз айдыны, жаттығу залы), кітапхана, оқу залдары, студенттерге қызмет көрсету орталығы,  «NM-collection» тігін шеберханасы,  NMU-shop, асхана жұмыс істейді.

Университет 13 білім беру бағдарламасы бойынша мамандар дайындайды.

Бакалавриат бөлімінде:
  1. Исламтану(4 жылдық) – қазақ, ағылшын, орыс бөлімдері;
  2. Исламтану(3 жылдық) – қазақ бөлімі, медресе түлектері үшін;
  3. Дінтану (4 жылдық) – қазақ бөлімі;
  4. Дінтану (3 жылдық) – қазақ бөлімі, медресе түлектері үшін;
  5. Дінтану (2-3 жылдық) – қазақ бөлімі, екінші жоғары білім;
  6. Теология (4 жылдық) – қазақ бөлімі;
  7. Теология (3 жылдық) – қазақ бөлімі, медресе түлектері үшін;
  8. Теология (2-3 жылдық) – қазақ бөлімі, екінші жоғары білім;
  9. Шетел тілі: екі шет тілі (араб-ағылшын, ағылшын-араб) – 4 жылдық.
Магистратура бөлімінде:
  1. Исламтану – қазақ бөлімі, ғылыми-педагогикалық бағыт;
  2. Дінтану – қазақ бөлімі, ғылыми-педагогикалық бағыт.
Докторантура бөлімінде:
  1. Исламтану – қазақ бөлімі, ғылыми-педагогикалық бағыт;
  2. Дінтану – қазақ бөлімі, ғылыми-педагогикалық бағыт.

Исламтану, дінтану, теология мамандықтарына қабылданудың шекті балы -50. Шетел тілі: екі шетел тілі мамандығының шекті балы -75. Бұл ретте ҰБТ және Шығармашылық емтиханның әрбірінен 5-тен жоғары балл жинау талап етіледі.

Биыл мектеп бітіруші талапкерлер үшін бектілген пәндер бойынша ҰБТ тапсыруы міндетті. ҰБТ нәтижесімен 20 маусым мен 5 шілде аралығында университтеттің қабылдау комиссиясына хабарласып, шығармашылық емтиханға өтініш береді және шілде айының 13-20 күндері аралығында мемлекеттік білім гранты конкурсына өтінім бере алады.

Білім алушылардың әлеуметтік жағдайын ескере отырып оқуақысына10-20% дейін жеңілдік және жатақханада тегін тұру мүмкіндіктері қарастырылған. Сонымен қатар жергілікті әкімдіктер тарапынан әлеуметтік көмектер мен қосымша гранттар бөлініп отырады.

Жеңілдіктер алу үшін сіз өз жағдайыңызды растайтын анықтама қағаздарыңызды өткізуіңіз қажет.

Әрбір тәлімгерге мамандыққа сай жан-жақты білім алу, тұлғалық келбетін қалыптастырып, көшбасшылық қабілетін дамыту жолдары қарастырылған. Студент бейіміне қарай өзін-өзі бақсару клубына, студенттік деканатқа және«Samgau volunteers» еріктілерклубынақатыса алады.Сондай-ақ, қыздар үшін «….» қыздар клубы да жұмыс жасайды.

Студенттердің шығармашылық қабілетін дамыту үшін «Ted edu Nur-Mubarak» алаңы, «Sheber» тігін өнерін дамыту клубы, сондай-ақ, домбыра, шахмат, ақындық-поэзия үйірмелері тұрақты жұмыс істеп келеді.

Білім алушылардың салауатты өмір салтын ұстануын қолдау мақсатында университеттеРектор кубогі турнирі, спорт секциялары (футбол, хоккей, күрес, бокс) және белсенді демалыс қимылдары (тарихи мекендер, табиғат аясы, тауға шығу, шаңғы, коньки) жүргізіліп отырады.

Университетте тәуелсіздік күні, мәуліт, наурыз, ораза, Құрбан айт, т.б. мерекелерде мәдени, рухани кештер тұрақты түрде ұйымдастырылады.

Медресе, колледж түлектері мен мектепті бұрын бітірген талапкерлер1 сәуір мен 10 мамыр аралығында egov.kz порталы арқылы онлайн өтінім береді. ҰБТ нәтижесімен 20 маусым мен 5 шілде аралығында университтеттің қабылдау комиссиясына хабарласып, шығармашылық емтиханға өтініш береді және шілде айының 13-20 күндері аралығында мемлекеттік білім гранты конкурсына өтінім бере алады.

Оқу сауаттылығы, Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, дүниежүзі тарихы, ағылшын тілі.

Университетте барлық мамандықтар бойынша грант қарастырылған. Маусым айында тапсырылған ҰБТ мен шығармашылық емтиханда шекті балды жинағанталапкерлер 13-20 шілде аралығында Білім гранты конкурсына қатысуға өтініш береді. Емтихандардан жоғары балл жинаған талапкер конкурс нәтижесі бойынша грант иегері атанады.

1) Өтініш;

2) Аттестат немесе диплом (түпнұсқа);

3) 3×4 мөлшердегі 8 фотосурет;

4) 075-У үлгісіндегі медициналық анықтама;

5) 063 үлгідегі егілу туралы анықтама;

6) Жеке куәлік көшірмесі қатарлы құжаттар талап етіледі.

Университетте 610 орындық жатақхана бар. Бірінші кезекте 1-курс студенттері жатақханамен толықтай қамтамасыз етіледі. Қалған курстарға әлеуметтік жағдайына байланысты беріледі.

Исламтану, дінтану, теология мамандықтарына түсуші талапкерлерhttps://nmu.kz/kk/talapker-2 университет сайтындағы шығармашылық емтихан сұрақтары арқылы дайындала алады.

Шығармашылық емтихан «кәсіпке жарамдылығын анықтау» және «Дін негіздері» атты екі бейін бойынша аузыша өткізіледі. Әрбір шығармашлық емтиханның ең жоғары балы -45.

Исламтану, дінтану, теология мамандықтарына түсуші талапкерлер оқу сауаттылығы мен қазақстан тарихы пәндерінен ҰБТ және 2 шығармашылық емтихан тапсырады.

Ұлты қазақ емес, шетел азаматтары университетке сұхбат негізінде қабылданады. Оқу түрі – ақылы.

Байланыс ақпараты:

+ 7 777 302 09 66