Бүгін Нұр-Мүбарак университетінің жаңа проректорын Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төраға орынбасары, наиб мүфти Кенжеәлі қажы Қоңыратбайұлы мен ҚМДБ жанындағы Ислам ғылыми-зерттеу орталығының директоры Төрәлі Қыдыр арнайы құттықтап келді. Әріптес қос мейманды проректор, PhD доктор Ершат Оңғар арнайы қабылдады.

Еліміздегі жалғыс ислами университетке білім жолының барлық сатысынан өтіп, шыңдалған ғалымның келуі баршамызды қуантты. Себебі Ершат Ағыбайұлы, сіздің Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының тыныс-тіршілігін жақсы білетініңіз, мешіттер мен діни орталықтарға білімді де білікті мамандарды даярлаудың қыр-сырын жетік меңгердіңіз. Сондықтан елімізге, дінімізге қалтқысыз қызмет ететін жастарды тәрбиелеуде біліміңіз бен білігіңізге сенім мол, әрдайым Алла қолдасын,- деді наиб мүфти Кенжеәлі Қоңыратбайұлы.
Ал Ислам ғылыми-зерттеу орталығының директоры Төрәлі Қыдыр отандық ислам ғылымын жан-жақты дамытуда әрқашан бірлесіп қызмет етуге дайын екендігін атап өтті. Қадірлі қонақтар жылы лебіздерімен қатар, ел игілігі жолында ынтымақпен жұмыс істеп, қолдауға дайын екендіктерін атап өтті.
Проректор Ершат Ағыбайұлы осы кезге дейінгі ынтымақты шыңдап, білім мен ғылым саласындағы қарым-қатынастың жаңа қырынан арта түсетіндігіне сенім білдіріп, тілеулестік танытқан әріптестеріне алығысын жаудырды.
© Copyright 2024 All Rights Reserved