Нұр-Мүбарак университетіне алғаш келіп, өте жылы әсерге бөленгенін жеткізген вице-министр қазір елдегі діни ахуалды саралай келе бес бағытта жұмыс атқарылу керектігіне баса назар аударды

ВИЦЕ-МИНИСТР УНИВЕРСИТЕТ ҰЖЫМЫМЕН ДІНИ САЛАДАҒЫ МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ТАЛҚЫЛАДЫ

«Еліміздегі дәстүрлі Ислам доктринасына Нұр-Мүбарак университеті тарапынан қолдау және ұсыныстар маңызды, осы бағытта бірігіп жұмыс істеу қажет!» — деді бүгін Нұр-Мүбарак университеті ұжымымен кездескен ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов. Нұр-Мүбарак университетіне алғаш келіп, өте жылы әсерге бөленгенін жеткізген вице-министр қазір елдегі діни ахуалды саралай келе бес бағытта жұмыс атқарылу керектігіне баса назар аударды.

  1. Жоғары білікті теолог, дінтанушы мамандарын даярлау және олардың үздіксіз білім алу мәселесін қамтамасыз ету. Мамандардың сапасын арттыру үшін практикалық теологтарды дайындау. Діни журналистикаға зер салу; 
  2. Университеттің зор әлеуеті мен материалдық мүмкіндіктерін ескере отырып, медреселерде білім беретін мұғалімдердің біліктілігін арттырып, қайта даярлауды дамытудың жолдарын қарастыру;  
  3. Дін психологиясы мамандығын ашу мәселесін қарастыру. Себебі оңалту жұмыстарында дін психологтарының рөлі айқын сезілуде; 
  4. Оқу бағдарламасына назар аудару. Нұр-Мүбарак университеті бұл салада бір қадам алда болуы қажет;
  5. Ұстаздармен және студенттермен сенімді әрі тығыз қарым-қатынас орнату.

Our Services

This text briefly introduces visitors to your main services.

Service 1

A short description of the service and how the visitor will benefit from it.

Service 2

A short description of the service and how the visitor will benefit from it.

Service 3

A short description of the service and how the visitor will benefit from it.

Service 4

A short description of the service and how the visitor will benefit from it.

Why Choose Us

benefit 1

A short description of the benefit.

benefit 2

A short description of the benefit.

benefit 3

A short description of the benefit.

benefit 4

A short description of the benefit.

Client Testimonials

“A testimonial from a client who benefited from your product or service. Testimonials can be a highly effective way of establishing credibility and increasing your company's reputation.”
Client Name

Осы тұрғыда НМУ проректоры, PhD доктор Қ.Құрманбаев дін психологиясымен қатар, дін социологиясы мамандығының да кенжелеп тұрғанын айтып, алдағы уақытта университет қабырғасынан осы екі мамандықты ашуға қолдау көрсетуін сұрады. Дін мамандарының біліктілігін арттыруда университеттің онлайн академиясы жобасының тиімділігіне тоқталып, оған қолдау таныту бойынша ұсыныс білдірді. Министрліктің университет құрылысы мен жатақхана мәселесіне назар аударудың өзектілігін атап өтті. Соңғы уақытта діни мамандыққа ұмтылған жастардың артуына орай, келесі жылы оқу ғимараты мен жатақхана тапшылығының айқын сезілетіндігін алға тартты.

Еліміздегі дін мәселелері мен маман даярлауға, білім беру саласына қатысты мәселелер талқыланған жиында вице-министр Қанат Жұмабайұлы мұндай басқосулар мен талқылаулардың жұмыс үдерісі барысында жиі болу қажеттігін ашық айтты. Кездесуден естелік суретке түскен қатысушылар жылы шырайда өткен бүгінгі отырыста өте өзекті түйткілдер талқыланғанына ризалық білдірді.

A Title to Turn the Visitor Into a Lead

Use this short paragraph to explain how you will deliver this benefit to the visitor if they decide to work with you.