Нұр-Мүбарак университетінің проректоры PhD доктор Ершат Оңғарды Алматы қаласының Бас имамы Төлеби Оспан құттықтап келді.
Нұр-Мүбарак университетінің проректоры PhD доктор Ершат Оңғарды Алматы қаласының Бас имамы Төлеби Оспан құттықтап келді. «Оңтүстік Астанаға қош келдіңіз! Игі істің басына, жақсы келер қасына демекші, еліміздегі діни мамандарды даярлаудың ғана емес, ислам ғылымының қара шаңырағы саналатын білім ордасына келгеніңізге куә болсақ та, арнайы құттықтауды жөн көрдік», – деді Төлеби Оспан.
✅Кездесу барысында: «Қазақ халқы үшін Түркістандағы тайқазан ерекше қастерлі. Себебі ол тарих, ұлттық болмысымыз бен ата-бабаларымыздың сара жолының бір көрінісіндей. Сондықтан қызметіңіз қазақ еліне берекелі болсын деп тайқазанды тарту етсек», – деді Алматының Бас имамы.
✅Проректор PhD доктор Ершат Оңғар ризашылығын білдіріп, мәдениет шаһарының Бас имамының ынта-ықыласын Нұр-Мүбарак университетіне деген халықтың үміті мен болашаққа деген сенімі ретінде бағалады. Сонымен қатар, әрдайым Қазақ елінің кемелдігі, білім жолында, ұрпақ тәрбиесі мен дін қызметінде бірлікпен қызмет етуге дайын екенін атап өтті.
© Copyright 2024 All Rights Reserved