Нұр-Мүбарак университетінің студенті Әбілқайыр Жұбан Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан өткен ХІІІ республикалық байқаудың бас жүлдесін жеңіп, автокөлік тізгіндеді. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Павлодар қаласындағы «Мәшһүр Жүсіп» орталық мешітінде өткен дәстүрлі байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен 80 үміткер қатысты.
Нұр-Мүбарак университетінің студенті Әбілқайыр Жұбан Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан өткен ХІІІ республикалық байқаудың бас жүлдесін жеңіп, автокөлік тізгіндеді. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Павлодар қаласындағы «Мәшһүр Жүсіп» орталық мешітінде өткен дәстүрлі байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен 80 үміткер қатысты. Қасиетті Құранды мәнерлеп оқу, жадында жаттаушылар арасында Нұр-Мүбарак университетінің бірнеше студенті өз өңірлерінің намысын қорғап, намысты қолдан бермеді. Нәтижеінде:
«30 пара» бойынша:
І орын (автокөлік) – Әбілқайыр Жұбан 2-курс (Алматы қаласы);
«10 пара» бойынша:
І орын (1 500 000 теңге) – Дінмұхамед Әбішев 3-курс (Астана қаласы);
«Мәнерлеп оқу» бойынша:
ІІ орын (500 000 теңге) – Әбілқасым Әбдірахманұлы НМУ студенті (Қарағанды облысы).
Байқау жеңімпаздарын ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының өзі құттықтап, жылы лебізін жаудырды: «Байқауға қатысқан қариларымыздың бәрі жеңімпаз атанды деп санаймын. Өйткені бұл байқау әрбір қариға үлкен жігер сыйлады. Жүлделеріңіз құтты болсын»,- деп, әрбір қатысушыға «жеңімпаз» деп баға берді.
Сондай-ақ Бас мүфти осы қасиетті доданы ұйымдастырушылар мен демеушілерге ризалығын білдіріп, жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарларды анықтаушы отандық ардагер қари-хафиздарға алғысын айтты деп хабарлайды www.muftyat.kz.
«Қазақ елі ертеден Құран десе құлағы түрулі тұратын, Алланың сөзін құрмет тұтатын халық. Кімнің үйіне барсаңыз да төрінде Құран ілулі тұрады, ал оны біреу оқыса, ұйып тыңдайды. «Ағраф» сүресіндегі: «Қашан Құран оқылса, Оған құлақ салып тыңдаңдар да үндемеңдер. Әрине мейірімге бөленерсіңдер» деген аятқа амал еткен ата-бабамыздың жолы бізге де нәсіп болып отыр,-деді Наурызбай қажы Тағанұлы өз сөзінде.
Естеріңізге салсақ, 4 аталым бойынша өткен Құран қариларының байқауына «Мәнерлеп оқу», «10 пара», «20 пара», «30 пара» бойынша 80 үміткер қатысып, оның 16-сы жеңіс тұғырына көтерілді. Екі күнге созылған Құран байқауы «Munara TV» телеарнасынан тікелей эфирде және «Муфтият ҚМДБ» YouTube-арнасынан онлайн көрсетілді.
© Copyright 2024 All Rights Reserved