Әбу Ханифа ғылыми-зерттеу орталығыНаучно-исследовательский центр имени Абу Ханифа

Орталық туралы

  • Оқу орнының жанында 2011 жылдан бері Әбу Ханифа  ғылыми-зерттеу орталығы жұмыс істейді. Орталық Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті қызметінің негізгі бағыттары бойынша кешенді зерттеулердің орындалуын қамтамасыз етуші, сондай-ақ оқу орнының ғылыми-зерттеу, баспа жұмыстарын үйлестіретін және ұйымдастыратын құрамды бір бөлігі болып табылады. Бұрын орталыққа РhD докторлар Алау Әділбаев, Қайрат Құрманбаев жетекшілік жасаған. Қазіргі  директоры: филология ғылымдарының докторы, профессор ‒ Шамшәдин Керім.

 Орталықтың құрамы

  1. Алау Әділбаев  – Теология ғылымдарының докторы, қауымдастырылған профессор, бас ғылыми қызметкер.
  1. Сырым Шәкизада  – Магистр, PhD докторанты, аға ғылыми қызметкер
  1. Данияр Сүлейменов  – Магистр, PhD докторанты, ғылыми қызметкер
  1. Ажар Сыздықова  – Магистр, кіші ғылыми қызметкер.

Орталықтың мақсаттары

  1. Республикадағы исламтану бағытында қызмет жасап жатқан діни оқу мекемелерін ханафилік мектептің тәлім-тәрбиесін насихаттайтын кітаптар, әдебиеттер оқулықтар мен оқу-әдістемелік әдебиеттермен толыққанды қамтамасыз етуге көмектесу;
  2. Ханафи мазһабы шеңберінде қазақстандық дін ғалымдарының еңбектерін анықтау әрі жинау;
  3. Ислам өркениетінің дамуына өзіндік үлесін қосқан қазақ дін ғұламаларының шығармашылығын зерттеу, олардың мұраларын кеңінен насихаттау;
  4. Ханафи мазһабына қатысты қолжазбаларды жинақтап, тарихи-классикалық шығармаларды аударып, жариялаумен қатар заман талаптарына сай шығарылған заманауи фиқһ ғалымдарының еңбектерін де ғылыми қолданысқа түсіру;
  5. Шет тілдердердегі ислам құндылықтарына насихаттайтын ғылыми, ағартушылық көпшілікке арналған кітаптарды, діни оқу орындарына арналған оқулықтар мен оқу құралдарын іріктеп, аудару, сөздіктер құрастыру;
  6. Оқытушы-профессорлар құрамының ғылыми жұмысқа деген белсенділігін арттыру, ғылыми, ғылыми-техникалық, инновациялық бағдарламалар мен гранттық байқауларға қатыстыру арқылы университетті біртұтас ғылыми-инновациялық кешенге айналдыру;
  7. Студенттер мен жас мамандардың ғылыми потенциалын дамыту, сондай-ақ олардың арасынан неғұрлым қабілетті және дарындыларын университеттің ғылыми-инновациялық жұмыстарына тарту.

Жарық көрген еңбектер

  •  50 000 сөз енген арабша-қазақша сөздік;
  • 14 жыл үздіксіз жарық көрген 17 томдық халықаралық конференция жинағы;
  • Исламтану зерттеулер сериясы: 4 монография;
  • 8 оқулық мен оқу құралы;
  • 8 аударма кітабы
  • Мекен-жайы: Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы 73.
  • Почта: abuhanifa@nmu.kz

 ӘБУ ХАНИФА ҒЗО-ның ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ 25 ЖЫЛДЫҚ ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ ТАРТУЫ!

 

About Center

  • Abu Hanifa Research Center has been operating at the university since 2011. The Center Nur-Mubarak is a part of the University of Islamic Culture of Egypt, which provides comprehensive research in the main areas of activity, as well as coordinates and organizes research, publishing activities of the university. Previously, the center was headed by PhD doctors Alau Adilbayev and Kairat Kurmanbayev. Current Director: Doctor of Philological Sciences, Professor ‒ Shamseddin Kerim.

The Department Staff

  • Alau Adilbayev  – Doctor of Theological Sciences, Associated Professor, Chief Researcher.
  • Syrym Shakizada  – PhD Doctoral Student, Senior Researcher
  • Daniyar Suleimenov  – PhD Doctoral Student, Researcher
  • Azhar Sizdikova  – Masters’s Degree, Junior Research Fellow.

Center objectives

  • Assistance in the full provision of religious educational institutions operating in the field of Islamic studies in the Republic with books, literature, textbooks and teaching aids that promote the education of the Hanafi school;
  • Identification and collection of works of Kazakhstani theologians within the Hanafi school;
  • To study the works of Kazakh religious scholars who have contributed to the development of Islamic civilization, to widely promote their heritage;
  • In addition to the collection of manuscripts related to the Hanafi school, the translation and publication of historical and classical works, as well as the scientific application of the works of modern jurists in accordance with modern requirements.;
  • Selection, translation and compilation of dictionaries of scientific and educational books, textbooks and manuals for religious schools, promoting Islamic values ​​in foreign languages;
  • Transformation of the university into a single scientific and innovative complex by increasing the activity of teaching staff in scientific work, participation in scientific, scientific and technical, innovative programs and grant competitions;
  • Development of scientific potential of students and young professionals, as well as the involvement of the most capable and talented among them in the scientific and innovative work of the university.

Published works:

  • Arabic-Kazakh dictionary with 50,000 words;
  • Proceedings of the 17-volume international conference, published continuously for the past 14 years;
  • Islamic Studies Research Series: 4 monographs;
  • 8 textbooks and manuals;
  • 8 translation books
  • Address: Almaty, 73 Al-Farabi Avenue.
  • Mail: abuhanifa@nmu.kz