«6D021500 – Исламтану» мамандығы бойынша философия докторы (PhD)  дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Акимханов Аскар Болатбековичтің «Әбу Мансур әл-Матуридидің иман мәселелеріне қатысты ұстанымы (Китәб әт-тәуиләт атты еңбегі негізінде)» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы туралы ақпарат.

Диссертация Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің исламтану кафедрасында орындалған.

Қорғау қазақ тілінде өтеді.

 

Рецензенттер:

  1. Сатершинов Бақытжан Меңлібекұлы – философия ғылымдарының докторы, доцент, ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты Дінтану бөлімінің меңгерушісі, мамандығы – 09.00.11.
  2. Абжалов Сұлтамұрат Утешұлы – философия ғылымдарының кандидаты, Қожа Ахмет Яссауи атындағы қазақ-түрік халықаралық университеті, Дінтану кафедрасының доценті, мамандығы – 09.00.13.

 

Ғылыми кеңесшілері:

  1. Тарих ғылымдарының докторы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, Дінтану кафедрасының меңгерушісі Ә.Қ. Муминов;
  2. PhD докторы, Анкара университетінің профессоры Сөнмез Кутлу (Анкара қ., Түркия Республикасы).

Қорғау 2017 жылы 17 қаңтар сағат 10.00-де Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті жанындағы исламтану бойынша диссертациялық кеңесінде өтеді.

Мекен-жайы: 050016, Алматы қаласы, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті  университеті, әл-Фараби даңғ., 73,  № 307 аудитория

 

Басылым күні: 14.12.2016