4 маусым – ҚР Мемлекеттік рәміздер күні

Мемлекеттік рәміздер салтанат құрды


Бүгін Нұр-Мүбарак университетінде үлкен экрандарда әнұран қойылып, мемлекеттік ту желбіреді. Себебі 2007 жылы 4 маусымда «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң қабылданған болатын.  Осы Заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде аталып өтеді.

Мемлекетіміздің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін рәміздер – Мемлекеттік ту, Мемлекеттік елтаңба және Мемлекеттік гимн. Сондықтан оны әрбір Қазақстан азаматының құрмет тұтып, мақтан етуге талпынуы заңдылық. Себебі дербестікке жете алмай, мемлекеттік рәміздерді биік көтеруге мүмкіндігі жоқ елдер қаншама. Ал Қазақстан үшін бұл ата-бабаларымыз аңсаған ұлы арман – тәуелсіздігіміздің нышандары.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының авторы – Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Шәкен Ниязбеков.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының авторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік гимні – әннің авторы Шәмші Қалдаяқов, сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.

1 659