АРДАГЕР ҰСТАЗДАР МЕН ҚОНАҚТАР РИЗАШЫЛЫҒЫ

АРДАГЕР ҰСТАЗДАР МЕН ҚОНАҚТАР РИЗАШЫЛЫҒЫ

Нұр-Мүбарак университетінің 20 жылдық мерейтойына Мысыр елінен ардагер ұстаздар, яғни университетте 10 жылға дейін дәріс берген бірнеше оқытушы-профессорлар арнайы шақырумен келген болатын. PhD доктор, профессорлер Ато ас-Сынбати, Рида ад-Дақиқи, Мұхаммад Махфуз ұстаздар жаңарған университетті аралап, ризашылықтарын жаудырды. Әуелі ректор, профессор Мухаммад аш-Шаххат пен проректор, доцент Қайрат Құрманбаевтың қабылдауында ардагер ұстаздармен бірге өзбектсандық Гафуров Уйгун (Имам Бухари атындағы Ташкент ислам институтының ректоры), Шухрат Акмалұлы (Өзбекстан халықаралық ислам академиясының бірінші проректоры) болды.

Қадірлі қонақтар университеттің тыныс-тіршілігімен танысып, қонақжайлылығына тәнті болды. Сондай-ақ оларды алғашқы ректор, профессор Махмуд Хижази атындағы аудиториядан бастап жаңадан ашылған дәрісханаларды аралау барысында жаңадан жабдықталған технологиялық мүмкіндіктер тәнті етті. Мысырлық ардагер ұстаздар университеттің аз уақытта қарқынды дамуына қатысты оқу орын басшыларына жылы лебіздерін білдірді. Кафедраларды аралап, оқытушы-профессорлармен жүздесті. Сонымен бірге, бір кездері өздері дәріс берген университет түлектерімен арнайы кездесті. Ұстаз бен шәкірт арасындағы ыстық ықыласқа толы кездесу барысында естеліктерімен бөлісіп, түлектер бүгінде өздері әртарапта ұстаздық етіп жүрсе де әрбір сөзі ғибратқа тұнған ұстаздардың ұлағатты кеңестерін ұйып тыңдап, жүректеріне тоқыды.

Нұр-Мүбарак университетінің баспасөз қызметі

1 238