БИЫЛҒЫ ТҮЛЕКТЕРГЕ МЕМЛЕКЕТТІК БІЛІМ ГРАНТЫН ӨТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТҮСІНДІРІЛДІ

Нұр-Мүбарак университетінің биылғы түлектерімен «Қаржы орталығы» Акционерлік қоғамының өкілі арасында арнайы онлайн-конференция өтті. Негізгі мақсат: болашақ түлектерге мемлекеттік білім грантын өтеу мерзіміне қатысты жан-жақты түсіндіру.

Қаржы орталығының Түлектерді жұмыспен қамту секторының маманы Ақзира Серікқали әуелі түсіндірме жасап, артынша болашақ түлектердің сауалдарына жауап берді.

Жалпы биыл Нұр-Мүбарак университетін 300 түлек тәмамдаса, оның 142-і мемлекеттік білім грантының иегері. Ал университетті бакалавриат бағдарламасымен исламтану бойынша 210 студент, дінтану – 29, теология – 45, Шетел тілі: екі шет тілі – 13 студент түлеп ұшпақ.

982