БОЛАШАҚҚА ҮМІТ МОЛ!

Қаһарлы қаңтардағы елді аза тұтқызған күндердің сабағы халықты да, билікті де ойлануға шақырды.

Қаһарлы қаңтардағы елді аза тұтқызған күндердің сабағы халықты да, билікті де ойлануға шақырды. Себебі қарапайым тұрғындар алаңға топтасудың арты дәл осылай арандатушылардың пайдаланатынын күтпегені рас. Сондықтан қаңтардың ащы сабағынан кейінгі өзгерістен де ел үміті мол.

Бүгінгі Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей эфирін тыңдауға Нұр-Мүбарак университетінің ұжымы да жіті назар салып тыңдады. Әуелі ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Президент ұсынған Әлихан Смайыловтың ҚР Премьер-Министрі болып тағайындалуына келісім берді. Жаңа Үкімет басшысына үміт те, жүктелген міндет те аз емес.

 

«Қазақстанның жаңа дамуы басталды» деп халық өкілдері мен БАҚ, әлеуметтік желілерде көпшілік тарапынан бағаға ие болып үлгерген бүгінгі баяндамада Президент Қ.Тоқаев қоғамды алаңдатқан елдің барлық әлсіз тұстарын атап өтті. Үмітті үкілеген жақсы бастамалар көп.

Сөзінің негізгі түйіндерін әлеуметтік-экономикалық және саяси бағытты қамтыған Мемлекет басшысы:

– Елімізде болған мемлекеттік төңкеріске ұмтылған соғыс бірнеше жылдан бері тыңғылықты дайындалған. Бірқатар қалаларда ҰҚК департаментінің басшылары борышына адалдық таныта алмады,-деп мәлімдеді. 

Демек ел қауіпсіздігіне қатысты шаралар да басты назарда болады деген үміт мол. 

Әсіресе, білім мен мәдениеттің маңыздылығын ерекше атап өткен Президент Қ.Тоқаев білімді жастарға қолдау қажеттігі мен жастарды жұмыспен қамту мәселесіне де ерекше көңіл бөлінетінін жеткізді.

Қазірдің өзінде Президенттің бастамасына үміт артып, билік пен халық арасындағы сенімді қалпына келтіру үшін орын алған қайғылы жағдайларды соңына дейін

талдап, әділ бағасын беру арқылы болшақта мұндай бүліктерге жол берілмеу керектігін айтып, үміт білдіруде!

Тікелей эфирді толық тамашалаған Нұр-Мүбарак университетінің өкілдері білікті де білімді мамандар даярлаумен қатар елдегі діни тұрақтылыққа ғылыми тұрғыда ат салысу жобалары маңызды екенін пысықтады.

39