...Деструктивті деп пиғылы мен ойлау жүйесі теріс, сауаты төмен, түсінігі тарларды айтамыз. Діни тұрғыдан түсініктеме берер болсақ, біздің сан ғасырлық діни ұстанымымыздан, яғни ханафи мазһабы мен матуриди сенімімен үйлеспейтін өзіндік оғаш діни көзқарасы бар кері тартпа жамағат. Бұл теріс пиғылды қой терісін жамылған жамағат көсемдері қазіргі күні көше кезіп табанын тоздырмай-ақ интернет арқылы бүкіл кеңістікке сөздерін жеткізуде.
Елімізде жат ағымның жетегінде жүрген жастарымызбен «Жусан» операциясы арқылы Шам елінен қайтарылған қандастарымыдың ешқайсысын заманында келіп қолынан сүйреп мәжбүрлеп ешкім әкеткен емес. Олар интернет арқылы теріс насихаттарды тыңдап соған сеніп ақырында өз елінен кетті. Бүгінде бұл дінбұзарларды тоқтатар толық заң да, күш те болмай тұр. Тек шара сақтық пен діни сауаттылықта. Олай болса бұл деструктивті уағызшылар ғаламторда елді не нәрсеге шақыруда? Қысқаша тоқталсақ, олар мыналар:
Қысқаша айтқанда, теріс пиғылды уағызшылар осындай айыптауларын ашық әлеуметтік желі арқылы өз жамағаттарына жаппай жеткізуде және мұндай жалғаншыларды тыңдаушы жамағат та аз емес. Олар жоғарыдағы айтқандарымен өз жақтастарын әуелі сайлау жүйесі, сосын демокртиялық басқару, президент, парламент, полиция, т.б елдің негізі құрылымдарының барлығын жоққа шығарып, ақыр соңында өз елінен жиіркеніп кетуден басқа жол қалдырмайды.
Бұлардың көсемдері мен уағызшылары өздері шет елдерде отырып, елде орын алып жатқан оқиғаны көздерімен көрместен кесіп үкім айтып елді арандатуда. Мұндай жалғаншылардың көксегеніне көбіне діни білімі аз сауаты төмендер көніп, айтқандарына сеніп, соңында жақтасына айналады. Олай болса, жоғарыдағы жат ағымның айтқандарына жауап берсек:
Тимур НҮСІПХАНҰЛЫ
Діни экстремизмге қарсы іс-қимыл орталығының директоры