ҚАЗАҚСТАНДЫҚ 16 УНИВЕРСИТЕТ ДИПЛОМЫ
ЕАР-ДАҒЫ СӘЙКЕС ЖОО ДИПЛОМЫМЕН ТЕҢЕСТІРІЛДІ

Қазақстандық 16 жоғары оқу орындары беретін ғылыми дәрежелер енді Мысыр еліндегі сәйкес университеттердің дипломдарымен тең дәрежеде. Бұл туралы Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің ректоры, профессор Мухаммад әш-Шаххат әл-Жинди хабарлады. 

Профессор Мухаммад әш-Шаххаттың айтуынша, Египет Араб Республикасы  университеттерінің Жоғары кеңесі арнайы қаулы қабылдап, Қазақстан Республикасындағы бірқатар жоғары оқу орындары беретін ғылыми дәрежелерді теңестірді. 

                           Атап айтқанда:

  1. Нұр Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті;
  2. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ;
  3. Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ;
  4. Л.Гумилев атындағы ЕҰУ;
  5. Қазақ-Британ ТУ;
  6. КИМЭП Университеті
  7. Абылай хан атындағы ҚХҚӘТУ;
  8. Назарбаев университеті;
  9. Асфендиаров атындағы ҚазҰМУ;
  10. Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті;
  11. М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ;
  12. ҚазҰӨУ;
  13. С. Торайғыров атындағы ПМУ;
  14. Абай атындағы ҚазҰУ;
  15. Т. Қ. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА;
  16. М.Әуезов атындағы ОҚМУ.

Осы оқу орындарына 2021-2022 оқу жылынан бастап оқуға түскен студенттердің дипломдары ЕАР-дағы сәйкес мамандықтардың дипломдарына теңестіріледі. Ал осы кезге дейін оқу түскен студенттердің жағадайы жеке-жеке қарастырылады.

955