ЕЛ АТАСЫНА – 110 ЖЫЛ!

«Мен қанша биікке көтерілсем де, халқымнан төмен екенімді ешқашан ұмытқаным жоқ»

Уақыт өткен сайын тау тұлғасы биіктей түскен, жүректердің төрінен орын алған аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы Дінмұхамед Қонаев жайлы тарихтың өзі тамсана да, таңдана да толастамай сөйлейді… 

«Күнделікті өмірде де, жұмыста да үш қасиетке арқа сүйедім. Олар: қарапайымдылық, адалдық, табандылық. Екі нәрсені: «Ақылдан – сабыр артық, теңдесі жоқ байлық – қанағат» деген шығыс даналығын жадымда ұстадым. Қандай жағдай болмасын, сабыр сақтап, мейілінше қайырымды болуға ұмтылдым» деген ел перзентінің сөздерін халқы шүбәсіз дәріптейді. Себебі қанша жыл ел басқарып, еңбегі өтсе де көпшілікті әлі тәнті ететін ғажап қасиеттері есепсіз Мемлекеттің №1 адамы күнделікті жұмысына жаяу әрі күзетсіз барып, келетін.

«Мен қанша биікке көтерілсем де, халқымнан төмен екенімді ешқашан ұмытқаным жоқ» деген Дінмұхамед Ахметұлының сөзін де, өзін де халқы жыл өткен сайын сағынышпен еске алып келеді.

#nmu #Алматы #тұлға #тарих #мемлекет #Қазақелі #Жарқынбейне #нағызбасшы #мемлекетбасшысы
#дін #ислам
#арабтілі #исламтану #дінтану #muftyatkz #онлайн #офлайн #Тәуелсіздік
#nurmubarak #дін #студент #ғалым

32