НҰР-МҮБАРАК УНИВЕРСИТЕТІ
АУЫЛ КІТАПХАНАЛАРЫНА КІТАПТАР ТАРТУ ЕТТІ

 

Қазір елімізде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ауыл кітапханаларын, оның ішінде мектеп кітапханаларын дамыту қайырымдылық акциясы өтуде.

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ұйытқы болуымен өтіп жатқан акция аясында Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің кітапханасы  қазақ және орыс тіліндегі 50 дана әдеби кітапты «Рухани жаңғыру» бағдарламасы  ақпараттық талдау орталығына тапсырды.

Ауыл мектептеріндегі кітапханаларды дамыту қайырымдылық акциясы 20 қыркүйекке дейін жалғасады.

718