АЛҒАШҚЫ КУРС СТУДЕНТТЕРІНЕ
КІТАПХАНА ТӘРТІБІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Биыл университет табалдырығын аттаған студенттер үшін басты шарттардың бірі кітапхана тәртібімен танысу. Себебі кез келген дәріске дайындық кітапханамен тікелей байланысты әрі кітап қоры университеттің негізгі құндылықтарының бірі болғандықтан, кітапты алу, беру, оқу залының тәртіптерін сақтау – ортақ талап. Сондықтан оқу жылы басында бірінші курстарға кітапхана тәртібі жіті таныстырылады. Биыл да әрбір топқа кітапхананы қолдану, оқу залына қатысты тәртіптер таныстырылды.

Кітапхана меңгерушісі Алтынкүл Тоқан: Біз жаңа студенттерге оқу жылы басында мына жағдайларды ескертеміз:

1.Кітапхана туралы ақпарат. Оқу залы, абонемент, электронды кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету тәртібі;

2.Кітапхананы пайдалану ережелері. Кітапхана тәртібіне  бағыну;

3. Оқырмандарды кітапханада өтетін түрлі іс-шараларға белсене қатысуға шақыру. Кітапхана мен оқырман арасындағы байланысты нығайту,-деп маңызды шарттарды атап өтті.

Студенттер де кітапханаға қатысты абонементтерін ашып, алғашқы кітаптарды алуға кірісіп кетті.

887