Previous slide
Next slide

Нұр-мүбарак университетінде «Қазіргі кезеңдегі дін: мәселелер және шешімдер» атты конференция өтті

Нұр-Мүбарак университетінің 20 жылдығына арналған  студенттік конференцияда қазіргі кезеңдегі дін төңірегіндегі мәселелер жан-жақты талқыланды.

        Нұр-Мүбарак университетінің 20 жылдығына арналған  студенттік конференцияда қазіргі кезеңдегі дін төңірегіндегі мәселелер жан-жақты талқыланды. Бұл негізінен еліміздегі діни ахуалға қатысты екенін конференция секцияларынан да аңғаруға болады:

       Яғни «Діни білім беруде Нұр-Мүбарак университетінің үлгісі және орны», Қазақстандағы исламтанулық білім берудің мәселелері, Араб және ағылшын тіліндегі діни мәтіндерді зерттеу әдістері, Қазақстандағы ислам: тарихы мен бүгіні төңірегінде түрлі зерттеулер мен баяндамалар жасалды.

Бұл конференция дін төңірегіндегі қоғамда кездесетін түйткілдерді көтеріп қана қоймай, одан шығатын жолдарды да көрсетуі тиіс,-деген ректор, профессор Мухаммад аш-Шаххат қазіргі мұсылман әлемі тек дін ғылымдарымен шектелмей жаратылыстану, гуманитарлық, қоғамға қажетті ғылымдарды да қатар меңгеруі маңызды екеніне тоқталды.

       Zoom платформасында өткен жиында «ХІХ/ХХғ.ғ қазақ даласында діни білім алудың ерекшеліктері», «Академик М.Ф. Хиджазидің баяндамаларындағы дін, тіл мәселелері/ 2001-2013»,  «Орамал таққан блогер қыздардың мұсылмандық этикасы», «Түркілердің исламды қабылдауындағы Талас(Атлах) шайқасының маңызы», «Деструктивті діни ағымнан жапа шеккен қыз-келіншектердің психологиялық ерекшеліктері», т.б. тақырыптар

      Әділ-қазылар төрайымы «Дінтану» кафедрасының меңгерушісі, PhD, Ж.А. Жұмашова бастаған қазылар алқасы студенттердің ғылымға деген белсенділігін жоғары бағалап, екі кафедрадан қатысқан 18 баяндаманың арасындағы жеңімпаздарды саралады:

«Дінтану» кафедрасы бойынша:

  1. Нығмет Ботакөз I дәрежелі диплом, ғ.ж. Абдулхаким Б.
  2. Назымхан Шыңғысхан ІІ дәрежелі диплом, ғ.ж.Есімқұлов Е.
  3. Иманалиев Мұстафа және Садық Халима ІІІ дәрежелі диплом, ғ.ж. Баракбаева Т.

Ал «Исламтану» кафедрасы бойынша: 

  1. Абдрахман Ансаган I дәрежелі диплом ғ.ж. Уйсембаев Б.
  2. Сексенбаева Балнұр ІІ дәрежелі диплом, ғ.ж. Абылов Т.
  3. Душатов Әлихан ІІІ дәрежелі диплом, ғ.ж. Илесбеков Б.

Және Әділбеков Айбек ІІІ дәрежелі диплом, ғ.ж. Шайзан Б.

 

Нұр-Мүбарак университетінің баспасөз қызметі

1 342