Нұр-Мүбарак университетінің өкілі Жамбыл облысында радикалдық идеологияларға қарсы іс-шаралар өтуде

Нұр-Мүбарак университеті  жанындағы «Діни экстремизмге қарсы күрес орталығының» директоры Тимур Нүсіпханұлы  Жамбыл облысында «Қоғамда радикалдық идеологияға қарсы иммунитет пен діни негіздегі экстремистік көріністерге мүлдем төзбеушілікті қалыптастыруға бағытталған профилактикалық кешенді іс-шаралар» жобасы аясында тұрғындармен арнайы  кездесулер өтуде.  Кездесулер басырында аудан жастары, колледж студенттері, ауыл тұрғындары және мешітке келуші азаматтармен діннің өзекті мәселелері бойынша ақпараттар берілуде.

Жамбыл облысының Дін істері басқармасы басшысы Жангелді Омаров еліміздегі бірегей ислами жоғары білім ордасы Нұр-Мүбарак университетімен тығыз байланыс орнатуға ниет білдіріп, аймақтағы  жат ағымдарға қарсы күресте университет ғалымдарының көмегі орасан екендігін атап өтті. Нұр-Мүбарак университеті  жанындағы «Діни экстремизмге қарсы күрес орталығының» директоры Тимур Нүсіпханұлы да бірнеше облыстармен келісім арқылы ынтымақтастық аясында келелі жобалар жүзеге асып жатқанын тілге тиек етті. 4 күнге жоспарланған іссапар барымында болашақ ортақ жобалар жан-жақты талқыланбақ.

1 190