НҰР-МҮБАРАК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ
ОПҚ-НА БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ СЕМИНАРЫ ӨТУДЕ

...«Жоғары білім берудегі заманауи педагогикалық технологиялар» деп аталатын 72 сағаттық семинарға Нұр-Мүбарак университетінің барлық оқытушы-профессорлар құрамы қатысуда. Себебі қазір күн сайын технологиялар жаңарып, қарыштап дамып жатқандықтан, білім беру саласында да сәт сайын дамуға ілесуге тура келеді. Осы орайда Біріккен Ұлттар Ұйымының Білім, Ғылым және Мәдениет жөніндегі Ұйымы (ЮНЕСКО) сарапшы-тренерлерінің дәріс беруімен арнайы курсы өз жұмысын бастап кетті.

Университет ректоры, профессор Мухаммад аш-Шаххат қазіргі уақытта студенттердің білім алуға деген ынтасын арттырып, жан-тақты болуына ерекше мән беру қажеттігін атап өтті.

БҰҰБҒМҰ-ның тәуелсіз сарапшы-тренері PhD доктор Зейнолла Сәуле оқытушыларға семинардың басты талабы қатаң тәртіпке бағыну екенін ескертті. Яғни бұл дәрістердің нәтижесімен қатар қатысу деңгейі де ескеріліп, берілген сертификаттардың салмақтылығын айқындай түсу қажеттігін атап өтті.
Сондай-ақ бірнеше топқа бөлінген оқытушыларға өзге де Омарова Асель, Исалдаева Сабира сынды тәуелсіз-сарапшылар дәріс беруде.

Құзыреттілік тәсіл, нақты нәтижеге бағытталған оқыту, SMART мақсаттарын қою, Оқу мақсаттарын, міндеттерін, нәтижелерін анықтау үшін Блум таксономиясын қолданудың жүйелі тәсілі, практикалық сессия, топтардағы жұмыс, Блум бойынша сұрақтарды әзірлеу секілді әдістер үйренбек.

Нұр-Мүбарак университетінің баспасөз қызметі

 

714