Новости

Нұр-Мүбарак университетінің проректоры Самғау еріктілер қозғалысының құрметті мүшесі атанды

19/02/2020

Бүгін Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің проректоры, исламтану ғылымы бойынша PhD доктор, доцент Қайрат Құрманбаев  “Samgau” еріктілер ұйымының құрметті мүшесі әрі кеңесшісі болды.

 «Ерікті болу дінімізге жат құбылыс емес. Еріктілер ұйымының мүшесі әрі кеңесшісі атану – мен үшін үлкен құрмет, болашақта бірлесіп жұмыс атқаратын боламыз», – деді Қ. Құрманбаев.

Еске салсақ, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті  университетінде  ойы бір, әлемді жақсарту мақсатында көмектесуге біріккен  «Samgau» еріктілер ұйымы қызмет етеді. Қазіргі таңда  еріктілер тобының 80 мүшесі бар.

Тұлғаның рухани дамуына жағдай жасап, жастарға игі істер жасауға және еріктілер қозғалысын  дамытуға ынталандыруды  ниет еткен  «Samgau» – жеке тұлғаның әлеуетін ашу,  көшбасшылық қабілеттерін дамыту, мұқтаж адамдарға және елге  көмектесу, қайырымдылық жобаларында діни компонентті  көрсету мақсатында жұмыстар жасайды.

 

 

 

Похожие новости