НҰР-МҮБАРАК УНИВЕРСИТЕТІНДЕ
ҚАЛАЛЫҚ СПАРТАКИАДА ӨТТІ

Нұр-Мүбарак университеті мен Алматы қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен шаһардағы мешіт жамағаттары арасында 6 спорт түрінен спартакиада өтті. Жыл сайын дәстүрлі өтетін спорт бәйгесіне әрбір мешіттен еріктілер қатысты. ​

Атап айтқанда: қол күрес, арқан тартыс, қошқар көтеру, асық ату, 100 метрге жүгіру, гір тасын көтеруден мешіт жамағаттарынан құрылған командалар өзара бақ сынады. ​ ​

Нұр-Мубарак университетінің Тәрбие істері және әлеуметтік даму департаментінің директоры Мақсат Байзақтың айтуынша, қазіргі індетке қарсы бірден бір қару спорт болғандықтан, университетіміздің студенттері де белсене қатысты.

Сондай-ақ шара барысында қатысушыларға тегін ас таратылып, ынталандыру шаралары жасалды. Жекелеген жарыс жеңімпаздары да, топтық командалар да арнайы сыйлықтармен марапатталады!

805