Бүгін Нұр-Мүбарак университетінің проректоры PhD доктор Ершат Оңғар оқу кешеніндегі бірқатар нысандармен танысуды студенттер жатақханасынан бастады.
Бүгін Нұр-Мүбарак университетінің проректоры PhD доктор Ершат Оңғар оқу кешеніндегі бірқатар нысандармен танысуды студенттер жатақханасынан бастады. Бүгінде 750-дей студенттің мекеніне айналған жатақханадағы дәрігерлік пункт, оқу залдары, кітапхана, жатын бөлмелер мен коммуналдық мүмкіндіктер, ас бөлмелер секілді орындарды аралап, жағдайларымен танысты. Тәрбие және әлеуметтік даму департаментінің директоры Бауыржан Шайзан студенттердің күнделікті тіршілігімен қатар, қосымша дәрістері, жан-жақты ақпараттандыру жағдайларынан да хабар берді.
Проректор дәрігерлік пункттегі дәрігермен тілдесіп, студенттердің денсаулық жағдайы, күнделікті көрсетілетін көмектердің жай-күйінен хабар алды. Сондай-ақ жатын бөлмелерді аралап, студенттермен тілдесіп, жатақханаға қатысты пікірлеріне құлақ түрді. Ас әзірлейтін бөлмелердің жағдайы, тазалық, коммуналдық қажеттіліктерге назар аударды. Жатақханада өтіп жатқан қосымша дәрістерге кіріп, оқытушылармен де тілдесуді ұмытпады.
Студенттер мекенінен кейін университет асханасына да зер салған проректор Ершат Ағыбайұлы әрбір студент, ұстаздар мен қызметкерлердің талап-тілектері назардан тыс қалмайтындығын жеткізді. Университет кешеніндегі Исламтану зертханасы мен NM студиясымен де танысты. Танысудан кейін бірқатар тапсырмалар беріліп, студенттердің білім алуымен қатар денсаулығы мен салауатты өмір салтын ұстануы, қоғамдық өмірге араласуы назарда ұсталуы қажет екенін атап өтті.
© Copyright 2024 All Rights Reserved