НМУ ПРОРЕКТОРЫ PHD ДОКТОР ЕРШАТ ОҢҒАР ӘЛЕМДІК ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛІ ДІНДЕР ЛИДЕРЛЕРІ СЪЕЗІ ХАТШЫЛЫҒЫНЫҢ XXII ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ

WhatsApp Image 2024-10-08 at 10.26.01

Бүгін Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі Хатшылығының ХХІI отырысы өтті. Дұға оқуға арналған бір минуттық үнсіздікпен басталған басқосуға ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев төрағалық етті. 

Қатысушылардың құттықтау сөздерінен соң съезд Хатшылығының XXII отырысының күн тәртібі талқыланды. Бұл басқосу халықаралық деңгейде діндер арасындағы өзара түсіністік пен келісімді нығайтуға арналған маңызды шаралардың бірі болғандықтан, бұл шараға Нұр-Мүбарак университетінің проректоры, PhD доктор Ершат Оғар да қатысып, пікір алмасты. 

Күн тәртібінде 2023-2033 жылдарға арналған Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезін дамытудың тұжырымдамасы талқыланып, дін мен дәстүр арасындағы байланысты тереңдете түсетін жобалар қарастырылды. Сонымен қатар, «Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің Ізгі ниет елшісі» мәртебесін тағайындау туралы ереже және жас діни лидерлердің бірінші форумын өткізу мәселелері көтерілді. 

Проректор Ершат Оңғар бұл съездің діндер мен мәдениеттер арасындағы диалогты нығайтуда және рухани келісімді сақтаудағы рөлін жоғары бағалауда. Ол қоғам өкілдерімен, әлемнің әр түкпірінен жиналған діни лидерлермен пікір алмасып, дін мен дәстүрлердің байланысын тереңдету жолында Нұр-Мүбарак университетінің де үлесі жайлы сөз етті. Съезге қатысушылар халықаралық деңгейде діндарлардың ынтымақтастығын арттырудың маңыздылығына тоқталып, әлемдік бейбітшілік пен рухани келісімді сақтау жолындағы маңызды қадамдарды талқылады.