Әрбір тәлімгерге мамандыққа сай жан-жақты білім алу, тұлғалық келбетін қалыптастырып, көшбасшылық қабілетін дамыту жолдары қарастырылған. Студент бейіміне қарай өзін-өзі бақсару клубына, студенттік деканатқа және«Samgau volunteers» еріктілерклубынақатыса алады.Сондай-ақ, қыздар үшін «….» қыздар клубы да жұмыс жасайды.
Студенттердің шығармашылық қабілетін дамыту үшін «Ted edu Nur-Mubarak» алаңы, «Sheber» тігін өнерін дамыту клубы, сондай-ақ, домбыра, шахмат, ақындық-поэзия үйірмелері тұрақты жұмыс істеп келеді.
Білім алушылардың салауатты өмір салтын ұстануын қолдау мақсатында университеттеРектор кубогі турнирі, спорт секциялары (футбол, хоккей, күрес, бокс) және белсенді демалыс қимылдары (тарихи мекендер, табиғат аясы, тауға шығу, шаңғы, коньки) жүргізіліп отырады.
Университетте тәуелсіздік күні, мәуліт, наурыз, ораза, Құрбан айт, т.б. мерекелерде мәдени, рухани кештер тұрақты түрде ұйымдастырылады.