«Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің проректоры, PhD доктор Ершат Ағыбайұлы Оңғар Түркістанда бастау алған ҚМДБ жанындағы Ғұламалар кеңесінің 48-ші мәжілісіне қатысып жатыр. Бүгін университет проректоры ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлымен және өзге де Ғұламалар кеңесі мүшелерімен бірге қасиетті Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат қылды.
Одан бөлек, Ғұламалар кеңесінің құрамында бар Шамшәдин Керім, Алау Әділбаев, Мұхиддин Паттеев, Рашид Мухитдинов, Мұқан Исахан және Ықтияр Палтөре секілді «Нұр-Мүбарак» университетінің профессор-оқытушылары да түркі әлемінің рухани ұстазы Қожа Ахмет Ясауи рухына Құран бағыштап, дұға жасады.
Ғылыми кеңес мәжілісі: Күн тәртібіндегі ұсыныстар бекітілді «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінде профессор-оқытушылар құрамының қатысуымен №228 Ғылыми кеңес мәжілісі өтті.
© Copyright 2024 All Rights Reserved
info@nmu.edu.kz
© Copyright 2025 All Rights Reserved