Дайындық курстары

Университеттегі білім сапасын арттыру мақсатында 6 дайындық курсы жұмыс істейді. 150-дей шәкірт 8 ай бойы ақида, фиқһ, Құран тәжуиді, араб тілі, Пайғамбар (с.а.у.) өмірінен дәріс алады. Курста әл-Азһар университетінің отандық түлектері мен ЕАР-нан арнайы шақыртылған ғылым докторлары сабақ береді. Дайындық курсының түлектері «Нұр-Мүбарак» университетіне жолдама алады. Шәкірттерге білім алуға толық жағдай жасалынған.

Қажетті құжаттар: –  Өтініш; – Жеке куәлік көшірмесі; – Аттестат немесе диплом (түпнұсқа); – 3×4 мөлшердегі 6 фотосурет; – 086-У үлгісіндегі медициналық анықтама+ флюрография түсірілімі; – Нарко және психо диспансерден анықтама; – Сотталмағандығы туралы анықтама;

– 063 егілу таралы анықтамасы.

           Талғар ер балалар дайындық курсы

 – Ашылған уақыты: 01.09.2010жыл. –  Орын саны: 90. – Жасы: 17-30 жас. – Қабылдау мүмкіндігі: Нұр-Мүбарак университетінің оқытушыларының сұхбаттасуынан өтеді. – Дайындық курсының жағдайы: Жылдық оқу ақысы 85 000 тг. Оған жатын орындары, ас-тамағы мен оқу ақысы кіреді. Араб тілі мен шариғи пәндер оқытылады. Қазақстан тарихы мен қазақ тілі, ағылшын тілі пәндері бойынша тест емтихандарына дайындық сабақтары оқытылады. – Құжат қабылдау мерзімі: 01.08-01.09 – Шығармашылық емтихан мерзімі: 10.09 – Оқу аралығы: 10 ай – Мекен-жайы: Талғар қаласы, Кеңдала ауылдық округі, Смыкова 2 – Байланыс нөмірі:+7  777  958 55 55.

Талғар қыз балалар дайындық курсы

 – Ашылған уақыты: 01.09.2012 жыл.

–  Орын саны: 40-50.

– Жас шектеулігі: 17-30 жас.

– Қабылдау мүмкіндігі: Нұр-Мүбарак университетінің оқытушыларының сұхбаттасуынан өтеді.

– Дайындық курсының жағдайы: Жылдық оқу ақысы 85 000 тг. Оған жатын орындары, ас-тамағы мен оқу ақысы кіреді. Араб тілі мен шариғи пәндер оқытылады. Қазақстан тарихы мен қазақ тілі, ағылшын тілі пәндері бойынша тест емтихандарына дайындық сабақтары оқытылады.

– Құжат қабылдау мерзімі: 01.08-01.09 – Шығармашылық емтихан мерзімі: 10.09 – Оқу аралығы: 10 ай – Мекен-жайы: Талғар қаласы, Кеңдала ауылдық округі, Смыкова 2 – Байланыс нөмірі:+7  777  958 55 55.

Ақтөбе қаласы ер балалар дайындық курсы

 – Ашылған уақыты: 24.05.2019 жыл.

–  Орын саны: 20. Болашақта көбейту жоспарда бар.

– Жасы: 17-29 жас.

– Қабылдау мүмкіндігі: Білімнің сатысына шектеу жоқ. Алфавиттен бастап үйренуге мүмкіндік бар. ЖОО оқыған жандарға облыс әкімінің гранты қарастырылған. Былтыр 8 грант бөлінген.

– Дайындық курсының жағдайы: Жылдық оқу ақысы, жатын орындары мен ас-тамағы тегін. Күнделікті  ас мейрамханадан келеді.

– Құжат қабылдау мерзімі: 15 тамыз.

–  Іріктеу мерзімі: 15 тамыздан қыркүйек айына дейін.

– Оқу аралығы: 10 ай.

– Мекен-жайы: Ақтөбе қаласы, Бөгенбай батыр көшесі 133б

– Байланыс нөмірі: Талдыбаев Төлеген Ұстаз +7 7079895525

Бақанастағы дайындық курсы

–  Орын саны: 30.

– Жасы: 17-29 жас.

– Қабылдау мүмкіндігі: орта мектепті тәмамдаға,  ислам талаптарына  бойұсынушы талапты, қабілетті  жастар қабылданады.

– Дайындық курсының жағдайы: Жылдық оқу ақысы, жатын орындары мен ас-тамағы тегін.

– Оқу аралығы: 10 ай

– Мекен-жайы: Алматы облысы, Балқаш ауданы. Бақанас ауылдық округіне қарасты Бояулы ауылы.

– Байланыс нөмірі: + 7 747 788 97 60.

Шымкент қаласы ер балалар дайындық курсы

 – Ашылған уақыты: 14.04.2019 жыл. –  Орын саны: 30 – Жасы: 17-25 жасқа дейін. – Қабылдау мүмкіндігі: Араб тілінің базалық деңгейін оқып шығады. Құран, Ислам ғылымхалына қатысты фиқһ, ақида білімдерін бастауыш негізде үйренеді. – Дайындық курсының жағдайы: Жылдық оқу ақысы, жатын орындары мен ас-тамағы тегін. – Құжат қабылдау мерзімі: 15 тамыздан бастап. – Іріктеу мерзімі: 15.08.-15.09. – Шығармашылық емтихан мерзімі: – Оқу аралығы: 10 ай – Мекен-жайы: Шымкент қаласы, Аль-Фараби ауданы, Ескі қалашық Амангелді көшесі 29. – Байланыс нөмірі: Ғабит Шахназар 8 707 549 14 63
Share: